Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағылшын тілін тез үйренудің жолдары

Ағылшын тілін тез үйренудің жолдары

Көптеген адам шет тілін үйренуді мақсат етеді. Алайда ұзақ уақыт бойы бастай алмай жүреді. «Тілдік барьер» деген түсінікпен таныссыз ба? Бұл сөз адамның жат тілде сөйлей алмау қорқынышына анықтама ретінде берілген. Қазіргі заманда ана тілді жетік меңгерген соң өзге тілді тануға кірісу керек. Бір емес, бірнеше тіл білетін болсаңыз, білікті маман бола аласыз. Шет тілін тезірек меңгерудің жолдарын Massaget.kz назарларыңызға ұсынады. 1. Есте сақтау қабілетіне көмек Шет тіліндегі жаңа сөздерді жаттау қиынға соғары сөзсіз. Алайда бәрі сіз ойлағандай қиын емес. Шет тілінде сөйлей білу үшін бар болғаны 300 сөз жаттауыңыз керек. Бұл – ағылшын тілді адамдардың күнделікті пайдаланатын сөздік қорының 65 пайызы. Сол себепті басты, негізгі сөздерді карточка ретінде жазып, жаттап алыңыз. 2. Когнаттар Когнат дегеніміз әртүрлі тілде ұқсас дыбысталатын сөздер. Мысалы ағылшынның sister сөзі норвег, дат тілдерінде søster, неміс тілінде Schwester, итальянша sorella, французша soeur болады. Ағылшын тілін үйренген адам әдетте итальян, испан, неміс, француз тілдерін тезірек меңгеріп алады. Себебі көп сөзі ұқсас келеді. 3. Тілдесу Skype – ағылшын тілі ана тілі болып келетін адамдарға тілдесуге мүмкіндік беретін құрылғы. Ғаламторда басқа ұлт өкіліне өз тілін үйретуге дайын адамдар баршылық. Тіл үйрететін арнайы сайттарда әңгімелесетін адам тауып, күнде сөйлесіп тұрсаңыз, тез меңгеріп аласыз. Әрі бұл тегін! 4. Тілдік орта Күнде ағылшын телеарна, радиоларын қосып, тыңдауды әдетке айналдырыңыз. Youtube-тан сан түрлі видеоблог қарап, құлақты «үйретуге» болады. Әжептеуір тіл түсінетін болған кезіңізде фильмдерді дыбыспен қарауыңызға болады.

Massaget.kz
17 шілде 2018 ж. 1 593 0