Менің бақытты отбасым

Шиелі ауданының 95 жылдығы мен отбасы күні мерекесіне орай, Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Менің бақытты - отбасым» атты фото бәйге өтті.
Байқауға 14 жас отбасы қатысып, отбасылық фотоларын ұсынды. Жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдешов жеңімпаз отбасыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізіп, марапаттады. Жүлделі бірінші орынды Тілеулиевтер отбасы жеңіп алса, ІІ орын Айтмағамбетовтер отбасына, ІІІ орын Жүсіповтер отбасына бұйырды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы диплом табысталды.
А.НАЗАРОВА