Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы құндылықтары дәріптелген кеш

Отбасы құндылықтары дәріптелген кеш

Жыл сайын елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай аудандық «Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Менің бақытты отбасым» атты мерекелік театрландырылған кеш өтті.
Отбасы – адам баласының түп тамыры, жер бетіндегі саялы бағы, меншікті мекені, алтын ұясы. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады деп жиі естиміз. Ол тек екі адамның қалауымен құралып, сүйіспеншілігімен кеңейе түседі. Сондықтан отбасында ата-ананың орны ерекше, жауапкершілігі мол. Әке – асқар тау десек, ана – ақ сүтімен рух дарытушы, тәлім үйретуші, перзентінің ең алғашқы ұстазы. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың берекелі әрі табысты болашағының кепілі. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы, бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілікті тәрбиелеу де отбасынан басталады. Толыққанды, махабатқа толы отбасынан білімді, тәрбиелі ұрпақ өседі. Мерекелік шарада сөз алған ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова отбасы құндылықтарына тоқталды.
– Әрбір отбасының мерейі ол Отанның мерейі. Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс.Көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры тереңге кеткен тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары. Иә, өнегелі отбасы – елдіктің тұтқасы. Сондықтан баршаңызды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді.
Мерекелік кеште алдымен отбасындағы сыйластықты, татулықты лед экран арқылы көрсетті. Мұнан соң «Менің бақытты отбасым» атты театрландырылған қойылымда отбасындағы ата-ананың орны және ондағы бала тәрбиесіне ерекше тоқталып, берекелі шаңырақтың үлгісін паш етті. Расында өнегесі мол отбасы болу перзент үшін ғана емес, ел үшін де ерекше рөл атқарады. «Елін сүйер сеніңіз, өз отбасын сүйе алған» демекші жанұяда жарасым тауып, ізгілік пен махаббатқа шомылып өскен бала болашақта елдің тірегі бола алады.
Әрмен қарай «Арман» мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауындағы әсем әндерге ұласты. Шара соңында аудандық «Арман» мәдениет үйінің директоры Н.Шалекеева жұп болып шыққан барлық өнерпаздарға «Алғыс хат» табыстады.
Расында отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы. Яғни, кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.

Шапағат ШАҒДАТҰЛЫ
19 қыркүйек 2022 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031