ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙТЕДІ

Ашық диктант Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай және қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш қайраткері, ақын, публицист Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мағжан Жұмабаев – Заманының заңғар тұлғасы» тақырыбына арналды.
– Өз ана тілімізде еркін сөйлей білу және жазбаша қазақ тілінде сынақ тапсыру жаны, қаны қазақ деп соғатын халық үшін қиындық тудырмауы керек. Бір жағынан білім деңгейіңді көтерсең, екінші жағынан сауаттылығыңды арттыруға септігі мол. Ал, ашық диктант осындай қабілеттерді жақсартуға ықпал етеді. Сондықтан да бүкіл республика көлемінде ана тілінде тапсырып жатқан мұндай сынақтың өткізілуі өте орынды деп білеміз, – деді мектеп директоры Г.Жанабаева.
Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында ұйымдастырылған жазбаша жұмысқа №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектептен 63 педагог қызметкерлер, 23 кіші қызметкерлер, 168 білім алушылар қатысты.
Осылайша ашық диктанттың арқасында ана тіліміздің қолданылу аясы кеңіп, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам белсенділерінің де жазбаша сауаттылық қабілеттері жоғарылай түспек.
«Өскен өңір» ақпарат