Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » On bir myń adam qamtyldy

On bir myń adam qamtyldy


Ауданда ҚР Президентінің 2018 жылғы ­­­­­­­­ 19 ақпан­­­­­­дағы №637 Жарлығымен және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, латын негізді қазақ тілі әліпбиінің меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында рес­публика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді.
Диктант бір уақытта республика бойынша өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда өтіп, барлығы 2 млн. қазақстандық қатысты. «Жалпыхалықтық диктантты» ұйымдастырудағы мақсат – елімізде жаңа әліпбиде таңба ғана ауыс­атынын, қазақ дыбыстары сол күйінде қалатынын түсіндіріп, халықты жазу дағдысына бейімдеу болды. Диктанттың ерекшелігі қазақ әліпбиін латын графикасына көш­іру жұмыс­тарының маңызды­лығын түсіне отырып, барлығы атсалысты. Диктант­тың тақырыбы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болды. Мәтін 80-ге жуық сөзден құралды. Диктант аяқталғаннан соң мәтіннің жазбаша нұсқасы emle.kz, tilalemi.kz сайттарында жарияланды.
Жалпыхалықтық диктант барлық өңірде бір мезетте басталған болатын. Ауданымыздан осы шараға 11000 адам болып қатысып, белсенділік танытты. Диктантқа мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, мем­лекет­тік қызмет ұс­ын­атын ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, оқушылар қатысты. Бұған дейін Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде алдын ала түсіндірме жұмыстары жүр­­гізіліп, оған 550 адам қамтылған еді. Сондай-ақ, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде «Тілдер әлемі» фойесі ашылып, сол жерде 9, 10, 11 сынып оқушылары бірмезетте диктант жазды. Медицина саласынан 1300 қызметкер белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып, жаза алды. Тарихы ежелгі Грек және Рим елдерінен басталатын латын әліпбиі ақ халаттылар үшін таңсық емес. Өйткені, дүниежүзілік медициналық терминдер, көне ғылыми әдебиеттердің көпшілігі латын қарпімен басылған. Сондықтан болар, латынша диктант жазуда сала мамандары аса қиналған жоқ. Айта кету керек, бұған дейін тіл саясатына қатысы бар ғалымдар еліміздің барлық аймақтарын аралап, нақты төрт бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Әліпби реформасы – ел болашағы үшін, еліміз үшін де аса маңызды мәселе. Мемлекет басшысы белгілеп берген 2025 жылға дейін көшу жұмыстарының ауқымды бас­тамалары қазірден іске асырылып келеді.
Ж.Ноғайбайқызы.
20 қараша 2018 ж. 1 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930