Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін диктант жазу күні

Бүгін диктант жазу күні

                  

Бүгін  ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, латын негізді қазақ тілі әліпбиінің меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді. Диктантқа  мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, оқушылар, т.б.) қатысты. Аудан бойынша жалпы диктантқа 11000 адам қатысты. Бұған дейін Шиелі аграрлы индустриалды колледжінде алдын ала  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оған 550 адам қамтылған. Диктантты тексеруге тіл мамандарынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, тексерілу үстінде. Сондай-ақ, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде «тілдер әлемі» фойесі ашылып, сол жерде 9-11 сынып оқушылары бірмезетте диктант жазды. Медицина қызметкерлерінен 1300 сала мамандары диктант жазып, белсенділік танытты.
«Өскен өңір» ақпарат




14 қараша 2018 ж. 1 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930