Кәсіпкерлік әлеуеті артып келеді
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жергілікті әкімдіктерге қойылып отырған бірінші талап – кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс орындарын ашу, жергілікті салық базасын ұлғайту және қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау. Өңірде кәсіпкерлік саласын дамытуда бірқатар шаралар атқарылуда. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар да бар. Орта және шағын бизнестің дамуына қолдау ретінде түрлі бағдарламалар іске қосылып, нәтижесін беруде. Яғни, кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюі жұмыссыздық мәселесінің оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Осыған орай, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің биылғы бірінші тоқсанында атқарған жұмыстарына тоқталуды жөн көрдік.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі берген мәліметтерге сүйенсек, биыл 1 қыркүйекте тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7 340 бірлікті құрап отыр. Оның ішінде 7040 шағын орта кәсіпкерлік субъекті бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 129,6 пайызды құрайды. Белсенділік көрсеткіші 132,6 пайызды көрсетеді. Бұл аудан үшін қуанарлық көрсеткіш десек те болады.

«Бастау бизнес» көп кәсіптің бастамасы болмақ
Иә, жоғарыдағы көрсеткіш бойынша биыл аудан бюджеті айтарлықтай толықты деуге болады. Табыскер жандардың еңбекқорлығының арқасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 50 млрд 350 миллион теңгені құраса, жұмыспен қамтылған жандардың саны – 12 мыңға жетті. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы – бұл бұрын беймәлім болып келген бизнес әлемінің қыр-сырын толыққанды меңгеруге септігін тигізетін бағдарлама. Жұмыс істеймін деп талпынған жандарға кәсіптің аз емес екені белгілі. Әсіресе табиғаты тамылжыған Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы саласында мүмкіндік аз емес. Ата кәсіп мал бағып, алтын дән себуге әбден болады. Халыққа қызмет көрсету саласында да сұраныс жетіп артылады. Осы ретте, мемлекет тарапынан зор көмек көрсетіліп отырғанын айта өткен жөн. Ауданда аталған бағдарлама аясында биыл 247 жобаға 3 млрд 739 млн теңге қаржы қаралған.

Тарқатып айтар болсақ, «Ұлттық жоба аясында» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасының субсидиялау бағыты бойынша 55 жобаға 1 млрд 981 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Ал «Наурыз-Дем» НС» ЖШС арқылы 22 жобаға 661 млн теңге бөлінсе, Қызылорда Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 42 жобаға 243 млн теңге қаралған. Сол секілді ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 33 жобаға 649 млн теңге, «Ұлттық жоба» аясында 74 жоба 102 млн теңге грант бөлінген. Ал жастарға 2,5 пайызбен шағын несие қаражатын беруге 21 жоба қаралып, 93,5 млн теңге бөлінуде. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауданнан 479 жоба қаралып, оның 409 жобасы бақылау кеңесіне
дайын тұр. Құны 1 млрд 687 млн теңге, сонымен бірге 9 жобаға 69,7 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау алып, бүгінде құжаттарын әзірлеуде.
Сауда-саттықтың жайы қалай?
Биыл бөлшек сауда көлемі 7 млрд 097 млн теңгеге өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 105,5 пайызды құрап отыр. Ауданда сауда-саттық және туризм саласы бойынша жобалық құны 2 млрд теңгені құрайтын 10 жобаның құрылыс жұмыстары бастау алып, жыл соңында іске қосылатын болады. Аталған 10 жобаның құрылысын тарқатып айтар болсақ, «Әбдіманап базары» ЖШС-ның сауда дүкенінің құрылысына жалпы құны – 70 млн теңге бөлініп, алдағы уақытта 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Дәл осындай қаржы «Ерас» ЖК-ның көлік жуу орталығының құрылысына жұмсалмақ. Сондай-ақ, 50 млн теңге «Асия» ЖК-ның көлік жуу орталығының құрлысына жұмсалады. Ал Жантаев Нұржан сауда орталығына 200 млн теңге бөлінген.

Ал, «Болашақ комфорт» ЖШС-ның «Тұран» қонақ үйінің қосымша құрылысына 50 млн теңге, «Мирас» ЖК-нің жол бойы сервистік қызмет көрсету кешеніне 400 млн теңге, «Даму» ЖК-нің бизнес орталығына 150 млн теңге, «Керимова» ЖК-нің «Мята» тамақтану орнына 110 млн теңге, «Халықберді» ЖШС-ның «Халықберді» клиникасының құрылысына 200 млн теңге, «Әбдіманап базары» ЖШС-ның 3 қабатты сауда үйінің құрылысына жалпы 700 млн теңге қаржы бөлінген. Осы аталған жобалар іске қосылған жағдайда жаңадан 270 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Осындай мемлекеттік бағдарламалар талабы бар жанның табысын еселеп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан ел ішіндегі жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізбек. Алдағы уақытта да ілкімді іске ұйытқы болатын шаруалар өз кезегімен жалғаса бермек.
Дархан БАЙТІЛЕС