Кәсіпкерлік көкжиегі – кең өріс
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жергілікті әкімдіктерге қойылып отырған бірінші талап – кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс орындарын ашу, жергілікті салық базасын ұлғайту және қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау. Өңірде кәсіпкерлік саласын дамытуда бірқатар шаралар атқарылуда. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар да бар. Орта және шағын бизнестің дамуына қолдау ретінде түрлі бағдарламалар іске қосылып, нәтижесін беруде. Яғни, кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюі жұмыссыздық мәселесінің оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Осыған орай, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалының биылғы бірінші тоқсанында атқарған жұмыстарына тоқталуды жөн көрдік.
Бүгінде өңірде инфрақұрылым, құрылыс қарқынды дамуда. Инфрақұрылым жақсы дамымайынша, кәсіпкерлік саласының өркендеуі мүмкін емес. Сондықтан, осы саланың қанат жаюына ауданда жақсы көңіл бөлінуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстары жыл басынан бері қарқынды ұйымдастырылып келеді. «Бизнес-кеңесші» оқу курсы жоспар бойынша сәуір айына дейін 14 адам кәсіпкерлік негізде жан-жақты оқытылып, сертификаттарын алды. Бөлшек сауда ашу және жүргізу үшін 1 кәсіпкер, оқу орталығын ашу, дамыту үшін 1 кәсіпкер, шаштараздар мен сұлулық салонын ашуға 3 кәсіпкер белсенділік танытқан.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында грант алуға ниет білдірген азаматтарға конкурс жөнінде кеңес беріліп, оларға бизнес жоспар әзірлеу және құжат дайындауға көмектесіп бағыт-бағдар беріп келеді. Жыл басынан бері, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға ниет білдірген 18 үміткер өз бизнес жобаларын әзірлеп, құжат дайындауға ниет еткен. Нәтижесінде, аудан бойынша жалпы құны 3 млн. 265 мың теңгені құрайтын 13 жоба оң қорытынды алды. Кәсіпкерлікті сервистік қолдау бойынша 2019 жылға 240 қызмет жоспарланып отыр.
– Жыл басынан бері 98 кәсіпкерге түрлі бағытта қолдау шаралары жүргізілді. Атап айтқанда, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу мен статистикалық есептілікті жасауға байланысты 92 кәсіпкер сервистик қолдау алып, үш айлық жоспарды артығымен орындаған. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарды мемлекеттік қолдау жөнінде ақпараттандыру мақсатында қаңтар-сәуір айларында 300 адамға 650 кеңес берілді. Ал, «Іскерлік байланыстар» компоненті бойынша 10 жоспар беріліп, оқуға 6 өтініш қарастырылды, – дейді палата басшысы Рысбай Нысанханов.
Елбасының кезекті бір жолдауында бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту бойынша біршама міндеттер қойылған болатын. Соның бірі – шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесін 2050 жылға дейін кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету. Оған қол жеткізу үшін бүгіннен бастап саланы серпілтер тың бастамаларды қолға алуға тиіспіз. Сондықтан, шағын және орта бизнес ел экономикасының көсегесін көгертетін сала екенін аудан тұрғындары жіті түсініп, таным көкжиегі артып келеді. Бұл саланы жетілдіру үшін Мемлекет басшысы, Үкімет пен Парламент тың қолдау көрсетіп отырғаны баршаға аян. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалының берген мәліметіне сүйенсек, дәл қазір ауданда шағын және орта бизнесті дамыту бағытында тоқтаусыз жұмыстар атқарылып жатыр.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.