Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордада кәсіпкерлерге қолдау күшейеді

Қызылордада кәсіпкерлерге қолдау күшейеді

Жыл басынан екінші деңгейлі банктер арқылы тұрақты бизнестің 141 жобасына 9,5 млрд. теңге болатын несие қаражаттары ұсынылып, барлығына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жылдық пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қолдау көрсетілуде.
Елбасы Жолдауында бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту және жыл сайын қосымша кемінде 30 млрд. теңге қаражат бөлу мәселесі көтерілген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов мәлімдеді.
«Бұл ұсыныс облысымыз тарапынан қолданып, 2019 жылы республикалық бюджеттен Бағдарлама аясында субсидиялар мен кепілдіктер беру үшін 849,5 млн. теңге қаражат қарастыруға бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Жалпы 2019 жылы Бағдарлама аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету үшін 1,6 млрд. теңге қаражат бөлу көзделуде.
Бұдан өзге, Жолдауда Елбасымен келер жылды «Жастар жылы» ретінде жариялау ұсынылған. Биылғы жылдың өзінде осы жастар үшін арнайы «Байқоңыр Start-up 2» бизнес-идеялар байқауы, Қызылорда облысының «Жас кәсіпкерлер» форумы ұйымдастырылған болса, одан бөлек жастардың да үлесі бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Өзіңе сене баста» көрме-байқауы, «Қазақстанның үздік тауары 2018» көрме-байқауы, «Іскер әйел – кәсіпкерлер» форумы өткізілді»,-деді А. Досжанов.
Сондай-ақ, брифинг барысында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жолдауда тапсырылған шағын және орта бизнес үшін «Салық амнистиясын» жүргізу барысына тоқталды. Салық амнистиясы кәсіпкерлік субъектісімен 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін өтелмеген салықтық төлемдер бүгінгі таңда төленген жағдайда жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда салық амнистиясы жүргізілуге жататын облыста 1800-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері бар. Олар қарыздарын мерзімінде өтеген жағдайда салық төлемдерінің өсімпұлдарымен айыппұлдары мемлекет тарапынан жойылатын болады.


https://syr-media.kz/

06 желтоқсан 2018 ж. 20 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (8647)

07 желтоқсан 2018 ж.

№91 (8646)

30 қараша 2018 ж.

№90 (8645)

27 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам