Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жол картасы" оңтайлы жүзеге асуда

"Жол картасы" оңтайлы жүзеге асуда

 


«Бизнестің жол картасы» іске қосылғалы бері елімізде қосымша 90 мың жұмыс орны пайда болды. Яғни бұл бағдарлама экономикадағы маңызды секторлардың дамуына тікелей дем беріп келеді.  Елбасының тапсырмасы бойынша «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады. Жыл сайын бюджеттен кәсіпкерлерді қолдауға 30 млрд теңге бөлінеді. Бұл жұмыс орындарын көбейтіп, қазынаға түсетін салық көлемін ұлғайтуға сеп болады.
 «Бизнестің жол картасы» аясында жыл сайын бюджеттен шағын және орта кәсіп иелерін қолдауға 30 млрд теңге бөлінеді. Алдағы үш жылда 4 мың жоба іске қосылады. Сәйкесінше, жаңадан 22 мың жұмыс орны ашылып, олар 3 трлн. теңгенің өнімін шығаруы тиіс. Салықтан үш жылда қазынаға 224 млрд теңге қаржы түседі. Жалпы бағдарлама шеңберінде 19 мың жоба жүзеге асып, 90 мың жұмыс орны пайдалануға берілді. 
Осы ретте, биыл аймақта "Жол картасы" жобасын жүзеге асыру үшін 32 млрд. теңге бөлінгендігі жөнінде  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астана қаласы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
05 қараша 2018 ж. 985 0