Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – кәсіпкерлерді қолдау

Жолдау – кәсіпкерлерді қолдау


Елбасы Н.Назарбаев кезекті Жолдауында халық табысының өсуіне айрықша тоқталды. Алдымен Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Сондай-ақ, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керектігін нақты атап өтті. Себебі, елімізде бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі осы салада табыспен қамтамасыз етіледі.
Ол үшін бірінші кезекте 2010 жылы іске қосылған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керектігі айтылды. Өйткені, өңірлерге жұмыс сапары барысында айтулы бағдарламаның тиімділігіне көз жеткізген Президент кәсіп ашуға ниетті азаматтарға мол мүмкіндік беріп отыр. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажеттігін айтты. Жеке кәсіпкер ретінде мен Елбасының бұл тапсырмасын ерекше жылылықпен қабылдадым. Біз сияқты кәсіпкерлерге, әсіресе, ауыл азаматтарына бұл – үлкен мүмкіндік. Сонымен бірге, Елбасының кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, бизнесте «салық амнистиясын» жүргізуді тапсыруы – өте құптарлық дүние. Сондықтан, мен барша жерлестерімді осынау мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамын.

Сағындық Тынысбеков,
жеке кәсіпкер.
09 қазан 2018 ж. 1 635 0