Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПКЕРЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР КЕМИДІ

КӘСІПКЕРЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР КЕМИДІ

Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын тындадық. Жылда Елбасы кәсіпкерлікке аса мән беріп келеді. Бүгінгі Жолдауда айтылған "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылғандығы кәсіпкерлерге ерекше сеп береді деп ойлаймын. Жолдауда айтылған кәсіпкерлер тарапынан төленетін салықтардың өсіміне рақымшылық жасалуы кәсіпкерлікті қолдаудың бір нышаны. Сонымен бірге, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жергілікті тауар өнімдерін қолдануымыз қажет екендігін айтып өтті.
Бұл кәсіпкерлердің жұмысын арттыра түсетіндігін білдіреді. Жолдаудағы негізгі мәселелерді тыңдап, бюджеттік қызметкерлердің төменгі айлық табысын біршама көтеру, яғни, жалақыны 29 мыңнан -42 мыңға жоғарылайтындығы қуантады.
Барлық сала мамандарын және кәсіпкерлерді ҚР Президентінің Жолдауында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалады бірлесіп орындауға және нәтижесін шығаруға шақырамын!
Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасының директоры
 "Сырмедиа" сайтынан алынды
07 қазан 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031