Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімге серпін берген Жолдау

Білімге серпін берген Жолдау


Ұлт көшбасшысының Жолдауын қолдау, оның негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында ауданымыздағы іргелі мектептердің бірі саналатын №157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебінде жиын өтті. Алғашқы болып сөз алған мектеп директоры Г.Ермаханова болашақ сенімін арқалаған мұғалімдердің мойнында ауыр жүк тұрғанын тілге тиек етті. Жалпы, Жолдауда жаңартылған білім бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекет тарапынан ұстаздардың еңбекақысын 30-50 пайызға дейін көтеру қарастырылған. Сондықтан да Елбасы көрсеткен міндеттерді орындауда бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыла ауызбіршілікпен еңбектенуге шақырамын,» – деді директор.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жанар Арысбаева интерактивті тақтамен Жолдаудың электронды нұсқасын слайд арқылы көрсетіп, 10 міндетке жеке-жеке тоқталып, талдау жүргізді. Әсіресе, Президенттің «Индустрияландырудың жаңа технологиясын енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» және «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамытуға бағытталған тапсырмаларын» біздер енді кәсіпорындарды жаңғыртып, күн, жел, су секілді табиғи энергия көздерін пайдалану арқылы оның тиімділігін арттыра білуіміз қажет. Ол үшін физика, география пәндерін таңдаған оқушылармен ұдайы жұмыс жүргізіп, ғылыми-практикалық жобаларға көптеп тарта алсақ, Жолдаудағы мақсат-міндеттердің орындалуына ерен еңбегімізді қосқанымыз болады деп әріптестерін жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
Елбасының ерен еңбектерін жас ұрпаққа хабардар ету мақсатында тарих пәнінің мұғалімі Ж.Файзуллаева еліміздің жылдан-жылға қарыштап дамып келе жатқан мемлекет екендігін айта отырып, дайындалған презентация арқылы Жолдауда көрсетілген 10 негізгі бағытты айқындап берді.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зағира Қозыбаева озық 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан Қазақстан үшін Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірі дамудың даңғыл жолы екенін әріптестеріне түсіндіріп, жиынды қорытындылады.

Айнагүл БАЙДАУЛЕТОВА.
27 қаңтар 2018 ж. 2 188 0