Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзгенікінен өз өніміміз артық

Өзгенікінен өз өніміміз артық



Елбасымыз халыққа  кезекті жолдауын жолдады. "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" атты  жолдаудың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Жолдауда қозғалған мәселенің бірі отандық өндірістің өркендеп, бәсекеге қабілеттіліктің дамуына баса назар аудару. Ел экономикасының даму ісінде отандық кәсіпкерлер орасан рөл атқарады. Ал, елбасының Жолдауында айтылған мәселелерді бизнес өкілдеріне деген үлкен көмек деп білеміз.  Бірінші кезекте өзімізден шығатын киім, тағам, тұтынатын заттардың сапасын жоғарылатып, басқа елге жалтақтамау. Осы орайда кәсіпкерлербәсекеге қабілеттіліктің дамуына зор күш салу керекті ескертті. Неғұрлым тауар өзімізде өндірілсе, соғұрлым ешкімге тәуелді болмаймыз деді Елбасы өз Жолдауында.  Оның сөзінен ең басты міндеттер ретінде әлемдік дағдарыс жағдайында экономикамыздың қарқынына қарқын қосу, қоғамның кәсіпкерлерге деген сенімін әлсіретіп алмау, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті ұмытпау секілді мәселелер белгіленгені айқындалды. Алайда, кәсіпкерлікті дөңгелетуге тосқауыл болатын жағдайларды сырттан іздемей, ішкі жағдайларды да назарда ұстаудың маңызы үлкендігін атап өтті. Соның ішінде кәсіпкерлердің отандық тауар өндіргені  мемлекетке де, өздеріне де тиімді болатынына тоқталды.
Елбасының қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру 
 Жолдауын назарға ала отырып, аудан кәсіпкерлері бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруға бар күш жігерін салып, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтетін жобалардың кең қанат жаюуына  үлес қоспақ.

Рысбай Нысанханов, кәсіпкерлер палатасының аудандық төрағасы


05 қазан 2018 ж. 1 813 0