БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БАР
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналады.
Осы ретте «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында кәсіпорындарымызды жаңғыртуда және цифрландыруға бағытталған экспортқа жарамды жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізуіміз қажет екенін Елбасымыз Жолдауында атап өтті.
XXI ғасыр – технология заманы, дегенмен де, әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жойылар емес. Соған қарасты, «Жасыл экология» саясаты биылғы жылы өз жалғасын тауып, еліміздің ішкі ресурстарына септігін тигізетін болады.
«ЭКСПО-2017» көрмесі баламалы таза энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті. 2030 жылы Қазақстандағы баламалы энергия үлесін отыз пайызға дейін жеткізу міндеттелді.
Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуы тиіс. Осыған орай Елбасы Жолдауында жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеу керектігі айтылды.
Алдағы уақытта Смарт Сити (Ақылды қалалар) тұжырымдасы жүзеге асырылып, қалаларымыздың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады.
Біз жаңа заманға сай болу үшін Елбасы Жолдауындағы мәселелердің төңірегіне топтасып, біртұтас ұлт болуымыз керек. Себебі, бақытты болашақ тек бірлігі мығым елде ғана мекендейді.
Арайлым Өтепова,
штаттан тыс тілші.