Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баламалы энергия: болашақтың кепілі

Баламалы энергия: болашақтың кепілі

Елімізде жылына 90 миллиард кВт сағат энергия өндіріледі. Оның 72 пайызы қара көмірді жағу арқылы, 12,3 пайызын су электр стансалары арқылы, 10,6 пайызы табиғи газдан, ал 4,9 пайызы қара алтынға теңелетін мұнайдан алады. Электр қуатының негізгі төрт көзі жалпы еліміздегі электр энергиясының 99,8 пайызын қамтып отыр екен. Ал 0,2 пайызы ғана баламалы энергия ресурстарының еншісіне тиесілі көрінеді.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Сауд Арабия елінің делегациясы баламалы энергияны өндіру үшін смарт құрылғы орнатылған күн панельдерін пайдалануды ұсынады. Смарт құрылғы панель бетінің күнмен бірге бұрылуын қадағалайды. «KAUST Solar» орталығының тәжірибелі мамандары күн сәулесін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.
Аталмыш құрылғы арқылы Сауд Арабия елі 2030 жылға дейін толығымен баламалы энергия көздеріне өтуді жоспарлап отыр. Мұнайды ең көп шет елдерге экспорттайтын елдің болашаққа құрған жоспары осындай болса, біздің ел де осы бағытты ұстануы тиіс дейді еліміздің мамандары. Қазақстанда дәл осы жобаны Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ұйымдастыруға әбден болады. Ойлай дейтініміз, екі облыстың да оңтүстігі шөлейт аймағына жатқандықтан күн сәулелері мұнда басқа аймақтарға қарағанда көбірек түседі. Сондай-ақ, Қызылорда өңірінде өндірілген энергияны ОҚО, Жамбыл мен Алматы облыстарына пайдалануға береміз. Ал Маңғыстау баламалы энергиясын БҚО және Ақтөбе облыстары қажетіне жұмсаса әбден болады дейді мамандар.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуы тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз», – деген болатын. Қазақстанды ғаламға танытқан халықаралық көрмедегі үздік танылған жобаларды қолданысқа енгізіп, тиімді пайдалана білсек, еліміздің алға дамуына септігін мол тигізеді деген сенімдеміз.

«Өскен өңір» ақпарат.
28 қараша 2017 ж. 2 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930