Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 1600 адам кәсіпкерлікті меңгерді

1600 адам кәсіпкерлікті меңгерді


Қызылорда облысында «Бастау» жобасы аясында 1 600 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Олар бір айлық курс аясында бизнес-жоба құрып, оны жүзеге асырудың қыр-сырына қанықты.

Бүгінде олардың 319-ы жеңіл пайызды несиеге қол жеткізсе, 75-і мемлекет тарапынан тағайындалатын қайтарымсыз гранттың иегері атанып отыр. Кәсіпке ден қойғандардың қатарында 17 жастағы өреннен бастап, 60-қа таяған аға буын өкілдері бар. Жобаға қатысушылардың дені мал шаруашылығын оңтайлы көрген. Сондай-ақ, ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын өндірумен қатар, тігін цехы, асхана және шағын оқу орталықтарын ашу секілді кәсіп түрлері бар.
«Бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды осы «Бастау» жобасы аясындағы кәсіпкерлік негіздерін оқыту, әрі қарай сол кісілерге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Кәсіпкерлік негіздерін оқытып болғаннан кейін қажеттіліктеріне сай бір ай ішінде бизнес жоспар дайындау және банк­терге қалай жұмыс жасау керек, соның барлығын толық үйреніп шығатын болады азаматтар», – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Фархат Әбжаппаров.

«Өскен өңір» ақпарат.
22 қаңтар 2019 ж. 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930