Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 355 азамат «Бастау» жобасы аясында кәсібін ашты

Қызылордада 355 азамат «Бастау» жобасы аясында кәсібін ашты


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтып берді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Директордың айтуынша, «Бастау» жобасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
Жобаға Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтар қатыса алады.
Ғалымбек Жақсылықов «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тестілеуден, бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация беруден, бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындықтан, 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеуден тұратындығын да айтып өтті.
Жобаға қатысушылар үшін оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 25 күнді құрайды.
 Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.
Өткен жылы Қызылорда облысында 1600 азамат аталмыш жоба аясында оқып шықты. Олардың ішінде жобасын сәтті қорғап шыққан 1309 азамат оқуды бітіргендігі туралы сертификатқа ие болса, қалған 291 азаматқа қатысқандығы туралы сертификат берілді.
«Жоспар бойынша оқытылған азаматтардың ішінде кемінде 20 пайызы немесе 320 азаматтың жобасы қаржыландырылуы қажет болатын. Біз бұл жоспарды артығымен орындап, жыл соңына дейін облыстағы 355 жұмыссыз азамат кәсіпкер атанды. Олардың жобасын қаржыландыруға әр түрлі көздерден 697,5 млн.теңге тартылды. Атап айтқанда, жалпы құны 674,4 млн.теңгені құрайтын 280 жоба қаржы институттары арқылы несиелендірілсе, қалған 75 жобаның иесі 23,1 млн.теңгені инновациялық жобаларға арналған грантта жеңіп алды», - дейді Палата басшысы.

Палата Директоры Ғалымбек Жақсылықов 2018 жылы қаржыландырылып үлгермеген жобаларды, осы жылы да қаржыландыру мақсатында сүйемелдеу шаралары жалғастырылатындығын жеткізді.
Айта кету керек, 2017 жылы «Бастау» жобасы пилоттық режимде облыстың Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында ұйымдастырылған болатын. Ол кезде оқытылған 937 азаматтың 357-сі бүгінде кәсібін сәтті жүзеге асыруда. Ал 2018 жылы облыстың барлық аудандарымен қатар, Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округ тұрғындары да қатысу мүмкіндігіне ие болды.
06 қаңтар 2019 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930