Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПКЕРЛЕР ОҚЫТЫЛА БАСТАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ОҚЫТЫЛА БАСТАДЫ


Қармақшы аудандық «Атамекен» ҰКП  филиалында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов сөз сөйлеп, курс жұмысына сәттілік тіледі.
«Бастау Бизнес» жобасының мүмкіндігі мол. Курсты толық аяқтаған соң арнайы сертификат беріледі. Ауданда алған білімдерін облыста қорғайды. Сертификатпен қаржы мүлкіне жолданады. Сосын кепілмен несие алуға болады. Үстіміздегі жыл – облысты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияланды. Елбасының әлеуметтік бес бастамасына сәйкес, елімізде шағын бизнеске қосымша қомақты қаржы қаралды. Бізде кәсіпкерлік саласы кенжелеп қалған. Оның басты себебі – бәсекелестік ортаның қалыптаспағанынан, – деді семинар барысында филиал директоры А.Шоқбаров.
Айта кетейік, өткен жылы аталған курсқа ауданда 107 адам оқытылса, оның 53 жобасы қаржыландырылған. Биыл 220 жұмыссыз азаматтар курстан өтеді деп жоспарлануда.    
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ-ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ.
19 сәуір 2018 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930