Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕНДІ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБІ ЖАНДАНАДЫ

ЕНДІ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБІ ЖАНДАНАДЫ


Бұл туралы баспасөз барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев айтты.
Биылғы 5 – наурыздағы Президенттің жасаған мәлімдемесінде жарияланған бес әлеуметтік бастаманың ішінде – жаппай кәсіпкерлікті дамытуда шағын несиелендірудің көлемін кеңейту мәселесі айтылғаны белгілі.
Нақты айтқанда, мемлекет басшысы 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөліп, жалпы микрокредиттеу көлемін 62 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырды.
– Микрокредит беру бағдарламасы әсіресе ауылдық жерлерде, кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды, ондаөз бизнесін ашқан азаматтар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларының орындалуы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама арқылы 2017 жылы 7 227 шағын несиелер берілді – деді баспасөз мәслихаты барасысында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев.
Берілген микрокредиттердің жалпы санының ішінде ауылдық жерлерде және шағын қалаларда шағын несиені алғандар қатары 6 791 адам болды. Сонымен қоса, кәсіпкерлердің 57% -дан астамы (стартап-жобалар) болды, өз бизнесін ашты. «Бастау – Бизнес» жобасы шеңберінде 15 000 адам кәсіпкерлік дағдыларға оқытылып, 3 314 адам шағын несие алды.
Кредиттің қолжетімділігін кеңейту мақсатында кепілдендірілген несие беру механизмі енгізілді. 2017 жылы 420 кепілдемеге келісімшарт жасалды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының көмегімен 2017 жылы шағын және орта бизнес 3,6%-ға артты. 2018 жылы аталған бағдарламаны қаржыландыруға 87 млрд теңге қарастырылып отыр.
– Сонымен қатар, микрокредиттеуге 20 млрд теңге бөлініп, оның 14 млрд теңгесі ауылдық жерлерге бағытталатын болады. Бұдан басқа, микрокредиттерді беру лимиттері қала мен ауылдар үшін қайта сараланатын болады, – деп атап өтті вице-министр.
Бұл дегеніміз, қалаларда және ауылдық жерлерде якорлық кооперацияларға берідетін микрокредиттің орташа мөлшері 6,5 млн теңгеден аспайды. Ал, ауылдық жерлердегі басқа да жобалар үшін бұл шағын несие көлемі 3,5 млн  теңгеден аспайтын болады.
 Шағын несиелендіруді кеңейту бойынша бастамаларды іске асыру нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар өздерінің жеке ісін ашып, жаңа жұмыс орындарын құра алады.
– Бұл бастама өте маңызды, себебі бізде ауылда тұрақты жұмысы жоқ немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған көптеген адамдар өз бизнесін ашып, қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысқысы, табыс тапқысы, жаңа жұмыс орындарын ашқысы келеді. Бірақ, олардың бастапқы капиталы жоқ, — деді Нұржан Әлтаев.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда екінші деңгейдегі банктер бірқатар себептерге байланысты ауыл тұрғындарына несие бермейді. Өз бизнесін ашып, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін адамдар өз бизнесін қалай бастайтынын оқуы тиіс, содан кейін оларға бастапқы ақшалай қаражат ұсынуға болады.
Мысалы, 250 мың теңге грант сомасына, мысалға үй шаруасындағы әйел тігін машинасын сатып алып, үйінде қандай да бір бұйымдарды тігуді бастай алады. Немесе электрмен дәнекерлеуші қысқа мерзімді курстарда оқығаннан кейін осындай грант арқылы дәнекерлеу аппаратын сатып алып, өзінің шағын кәсібін бастай алады.
– Ауылдарда Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы шағын несиелер ұсынылады. Олардың пайыздық мөлшерлемесі бар-жоғы жылдық 6  пайызды құрайды. Ауылда мұндай пайыздық мөлшерлеме жоқ. Бұл мемлекет тарапынан өте үлкен көмек, — деді Нұржан Әлтаев.
Егер ауыл тұрғыны бұл несиені мал шаруашылығын дамыту немесе өз әріптестерімен бірге кооператив құру үшін алатын болса, онда бұл несие жылдық 7 пайызбен беріледі.
Оған қоса, Нұржан Әлтаев 2017 жылы Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру басталғанын еске салды, оның аясында азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау құралдары жүзеге асырылады.
2017 жылы барлығы 7 227 шағын несие немесе жоспардың 124% (5 800 шағын несие) берілді, олардың ішінде ауылдар мен шағын қалаларда шағын несиелерді 6 791 адам, қалаларда — 436 адам алды.
Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін толық орындау үшін келесі тетіктерді орындау көзделіп отыр.
Қосымша бөлінген 20 млрд теңгеден 14 млрд теңгесін ауылдағы несиелендіруге жұмсап, қалған 6 млрд теңгесін қалалардағы несиелендіруге бағыттау керек.  Қала мен ауылға шағын несиелер беру лимиттері қайта қаралатын болады.
Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаевтың айтуынша, микрокредиттерді кеңейту 2018 жылы 14 мыңнан астам адамды несиелендіруге мүмкіндік береді. Сол арқылы қосымша жұмыс орындары құрылып, жұмыспен қамту шараларына шамамен 40 мың адам қатысатын болады.
Еркін ҚАЛДАН
10 наурыз 2018 ж. 1 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930