Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлытау облысы әкімдігі шетелдік компаниялардан қанша теңге инвестиция алды?

Ұлытау облысы әкімдігі шетелдік компаниялардан қанша теңге инвестиция алды?

Ұлытау облысы әкімдігі шетелдік компаниялардан қанша теңге инвестиция алды?Аймақта Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың қатысуымен Астанада жыл сайын өтетін KGIR-2025 – Жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел өтті, деп жазады Egemen.kz. Форумның тақырыбы – «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – орнықты экономикалық дамудың орталығы». Форумға әлемнің 55 мемлекетінен 1 000-нан аса өкілі қатысты. Бас қосу инвестиция тарту саласындағы негізгі бағыттарды – инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, жоғары технологиялар және жасыл экономика салаларын талқылауға арналған алаңға айналды.
Аталған іс-шара аясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков облыс экономикасына инвестиция салуға дайын инвесторлармен бірқатар кездесу өткізді. Кездесу барысында облыс әкімі қатысушыларға өңірдің инвестициялық ахуалы туралы ақпаратты таныстырды. KGIR-2025 алаңында облыс әкімдігі Harvest Agro Holding (Швейцария), Chengdu Sepmem Energy (ҚХР), BKN Techbuild (ҚХР) және Sairen Group (ҚХР) компанияларымен жалпы сомасы 150 млн доллардан асатын ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Меморандум ауыл шаруашылығын, құрылыс пен энергетиканы дамытуға бағытталған. Аталған инвестициялық жобаларды іске асыру жаңа перспективалы салаларды іске қосуға және сол арқылы өңір экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
03 қараша 2025 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031