
ДАЛА ДӘУЛЕТІНІҢ САҚШЫЛАРЫ
Қазақ халқы үшін төрт түлік – тіршіліктің тірегі, ырыс-берекенің бастауы. «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп бағзыдан мал шаруашылығын кәсіп еткен халқымыз төрт түлікті тек күнкөріс көзі емес, ұлттың байлығы деп бағалаған. Ал сол байлықтың саулығын сақтап, түрлі індеттердің алдын алу үшін...





