ҚОЙДЫҢ СҮТІ МЕН САҒЫЗЫ
Жылқының өзiн қолға үйреткенiне 6 мың жыл болған қазақ үшiн жесең – тамақ, iшсең – сусын, кисең – киiм, мiнсең – көлiк болатын төрт түлiк мал бүкiл өмiрiнiң нәрi де, сәнi де болғаны белгiлi. Сондықтан, олар бiр-бiрiмен сәлемдескенде де «мал-жаның аман ба?» деп, алдымен малды айтып амандық-саулық сұрасқан....