Қосүйеңкіге ауыз су кірді
Жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Жер шарының төрттен үш бөлігі тіршілік көзіне теңелген судан тұрады. Әлемде жеті миллиард халық бар десек, оның бір миллиарды таза ауыз суға қол жеткізе алмай жүр екен. Осы санның қатарына кірмес үшін еліміз аудандық, ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеуде. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарламадан бөлек ауыл азаматтарының қолдауы аясында жүзеге асуда. Қай кезде болсын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол – ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайтты ескерген ауыл азаматы Алмасбек Қалдыбек өзі туып өскен ауылына су тартып, өзекті мәселені шешіп берді.
Алмасбек Серқұлұлы 1977 жылы 21 желтоқсанда Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының Телікөл ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне тарих және құқық мамандығына оқуға түскен. 1996 жылдан бастап педагог ретінде еңбек жолын бастаған. Бүгінде 25 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз. 1999-2000 жылдары әскер қатарында болып, азаматтық борышын өтеп те үлгерген. Сонымен қатар, білім беру саласында жауапты қызметтерде болған. Атап айтсақ, 2001-2003 жылдары Шиелі ауданы №228 мектепте, 2003-2006 жылдары №159 білім ордасында мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Алғашында тарих пәнінің мұғалімі болғанымен, кейіннен алғашқы қызығушылығы информатика пәніне қайта оралады. Жұмыс істеп жүріп, Шымкент қаласынан информатика пәні мұғалімі бойынша екінші мамандығын алады. 2007 жылдың ақпан айынан бастап қазір жұмыс істеп жүрген Қосүйеңкі ауылындағы №84 мектепте бағдарламашы, информатика пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқаруда. Алмасбек Серқұлұлы алғаш бағдарламашы маман ретінде Қосүйеңкі ауылына келгенде, ескі мектепте екі ғана компьютер болған. Бірінші жұмыс күні техниканы жөндеуден басталып, «Горизонт» деген теледидарға компьютерді жалғап, сабақ түсіндіруге арналған үлкен экранға қол жеткізеді. Бастаған ісін аяғына дейін апаратын азамат табандылығының арқасында мектепте біршама жұмыстар жүргізген. Ауыл орталығында қосымша жұмыс ретінде компьютер және оның ішкі жүйесін жөндеумен, жаңадан келген құрылғыларды техникалық сиппаттамасына сәйкес қолданысқа енгізумен айналысыпты. «Wi-fi» деген түсінік жоқ кезде сүйікті ұстазы Жомарт ағайынан үйренген әдісі бойынша радионы батареясыз, сымсыз жұмыс істеткен.

– Бізде мектепте оқушы саны аз, бар болғаны 51 оқушы. Менде бос уақыт көп болатын. Сол уақыттың барлығында қосалқы жұмыс атқаратынмын. Осы елді мекенге келгеннен кейін, отбасын құрдым. Бірнеше жыл қосымша кәсіптермен айналасуға тура келді.
Өйткені, мектептегі айлық көп нәрсеге жете бермейді, бір айлыққа қарап отыра беруге де болмайды. Қосымша кәсіппен айналысуға тура келді. Дегенмен бұл жолда кедергілер де пайда бола бастады. Мемлекеттік сатып алу, жылдық жоспарды әзірлеу үлкен уақытты талап етті. Осы кезеңде «Неге маған кәсіп ашпасқа?» деген ой келді. Идеяны іс жүзіне айналдыру үшін заң өкілдерімен жүздесіп, кеңес сұрадым. «Сіз мемлекеттік қызметкер болмағандықтан, кәсіп ашуға толық мүмкіндігіңіз бар» деген сөздері жаңа үміт сыйлады. Мінеки, қазіргі таңда кәсіп ашып, құрылыс саласының керек-жарақтары, бұрғылау, өрт сөндіру құрылғылары, бейнебақылау қондырғылары, сондай-ақ, Wi-Fi сигналдарын жандандыру жүйелерімен орталықтарды қамтамасыз етіп отырмын. Бұл, әрине, сыртқы шығындарды толық жауып отыр. Карантин уақытында, нақтырақ айтқанда, қыркүйек айында келіп түскен табыстың бірнеше бөлігін игі іске арнауды жөн көрдім. Аудан орталығынан шалғай жатқан ауылға ең әуелі смарт сыныбын ашуды жөн көрдім. Мақсатым ауыл балалары мен қала балары арасындағы алшақтықты жою. Жаһандану дәуірінде ауыл баларының цифрлық технологияларды меңгеріп, заман көшінен қалмай бәсекеге қабілетті ұрпақ болып өсуіне жол ашу. Осы бір тамшыдай ғана үлесім, үлкен істерге себепкер болса дейді, – информатик маман.
Алмасбек Серқұлұлы өзі туған халқына қызмет көрсетіп келеді. Ал, Шиелі ауданы Қаратау етігінің бойынан қоныс тепкен Қосүйеңкі елді мекенінде қазірде 35 үй бар. 200-ге жуық тұрғыны бар бұл ауылдың басты мәселесі таза ауыз су еді. Енді міне ел тілегі қабыл болып, осы ауылдың асыл азаматының бірі Алмасбек Қалдыбаевтың тікелей қолдауының арқасында ауылға ауыз су қол жетімді болды. «Осыған дейін пайдаланып келген ауыз судың кермектігі басым болғандықтан, бауыр, бүйрек, өт секілді ағзаларға тастың жиналуына әсер етті» дейді ауыл тұрғындары. Мәселен, Еуропаның дамыған елдері Антарктида құрлығының мұздықтарын тасып, ауыз су ретінде қолданып отыр. Ал Шығыс Азия мен Африка елдерінің халқы таза судың тапшылығына байланысты түрлі инфекциялық ауруларға душар болуда. Аталған ауыл бірнеше жылдан бері бұлақтың суын тұтынып келеді. Дәрігерлер бұлақтың суы мөлдір болғаны мен бірақ беті ашық судың құрамында зиянды қалдықтардың көп екенін айтады. Кейіпкеріміз де кермек судың зардабынан қос бүйрегіне тас жиналып, сырқаттанып қалады. Алмасбек бүйрегіндегі тасты алдырып, ауылына аман-есен келген соң, сапалы суды кіргізу жолын қарастырған. Содан ауыл азаматы Шиелідегі «прайд» ЖШС мекемесінің басшысы Ғалымжан Құлмағанбетовпен келісіп, көптен бері шешілмей келе жатқан мәселесін шешіп, ауылды сапалы ауыз сумен қаматамасыз етті. Жалпы алғанда суға керекті фильтр мен құбыр жүргізуге, суды құрғызуға 3.2 млн теңге қаражатты жомарт азамат өз қалтасынан шығарған. Сондай-ақ, сапалы суды 155 м тереңдіктен қаздырғанын тілге тиек етті.
Осылайша, елі үшін туған азамат, бүгінде ауылдың дамуына ат салысып, көпшілік құрметіне бөленіп жүр. Азамат болып атқа мінген кезінен-ақ көпке қамқор, жақсы ісімен елдің мақтауы мен халықтың жақтауына ие болған жігіт ағасы бірден жұтшылық аузына ілініп, мерейі өсе түсті. Кім болса да, риза көңілімен «Тектілік тегінде бар, асылдан асыл туған азамат қой» деп, ата-бабасынан сіңген қадір-қасиетін көпшілікке жария етіп, ер азаматқа деген жақсы сөздерін жаңбырша жаудырады. Қайырымдылық пен жомарттық атам заманнан бері бабалардың өмір қағидасына, ғибратты ғұмыр ұстанымына айналып, тұнық тәрбиемен ұрпақтың қанына сіңген текті қасиет. Көңілі көкжиектей кең, пейілі даладай дархан азаматтар сол баба жолын бекзадалықпен бүгін де өскелең ұрпаққа өнеге етуде.
Ш.Тілеубаев