Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіршілік көзі – су

Тіршілік көзі – су

Жер шарының төрттен үш бөлігі тіршілік көзі деп саналған судан тұрады. Әлемде 7 млрд. халық бар десек, оның 1 млрд-ы таза ауыз суға қол жеткізе алмай жүр. Бұл 1 млрд-тың құрамына қаншама ауыл-аймақ пен ел кіретінін ойлаудың өзі қорқынышты. Осы санның қатарына кірмес үшін еліміз аудандық, ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасауда. Соның бір дәлелі 26 желтоқсан күні облыс басшысы Гүлшара Әдбіқалықова мен аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков ауылымыз Тартоғайдың жаңадан құрылысы жүргізілген ауыз су жүйесін көріп, іске қосты. Жаңадан су құбырлары тартылып, үй-үйге орнатылды. Пандемияға қарамастан тышқан жылын қорытындылар шақта мөлдір, таза суға қанықтық. Ауыз су мәселесін шешуде жасалып жатқан жобалардың жүзеге асуы көңіл серпілтеді.
Ауыл тұрғындарының атынан қуанышымызды білдіре отырып, аудан басшысына, жауапты мекеме қызметкерлеріне алғысымызды айтамыз. Ауыз сумен қамтылған ауылдар саны көбейе берсін. Жұмыстарында жемісті болып, отбасында аманшылық, дендеріне саулық тілеймін. Құрылысшыларға, басшыларға рақмет!

Басаман Примбетов,
Тартоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
08 қаңтар 2021 ж. 912 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930