Әдепті болуды өзіңнен баста

Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекетіміздің қалың бұқара алдындағы бет-бейнесі. Олардың өзін-өзі ұстау әдебі, халықпен қарым-қатынасы, қызмет көрсетуі Әдеп кодексімен реттелген. Соны сақтап, бұлжытпай орындасақ, біз елдің ыстық ықыласына бөленеміз. Сол арқылы қарапайым азаматтардың билікке, жергілікті атқарушы органдарға деген сенімі артады. «Ұлық болсаң – кішік бол», дегендей қолында аз ғана билігі бар мемлекеттік қызметші де алдына келген адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауы, мәселесін шешуі, оған мүмкіндігі болмаса оны қалай реттеу қажеттігі жайлы ақыл-кеңесін беруі тиіс. Себебі, ешкім де еріккеннен немесе не істерін білмегеннен жүрмейді. Бәрі де өзін толғандырған мәселемен келеді.
Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратында да Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау үнемі назарда ұсталады. Өзіміз өмір сүріп отырған мемлекеттің халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын буыны болғандықтан біз мемлекеттік қызметшінің этикасына үлкен мән береміз. Түскен арыз-шағымдар дер кезінде қаралып, уақытымен жауап қайтарылады. Алға қарай да Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттер мен тапсырмаларды жергілікті жерде жүзеге асыруда тұрғындар көңілінен шығуға тырысамыз.
Гүлнар ҚОЖАНАЗАРОВА,
Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы