«Өзгерістерді өзіңнен баста» әрбір мемлекеттік қызметшінің ұраны болуға тиіс!

Елбасының халыққа жолдаған бағдарламалық мақаласы шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Өзгерістерді өзіңнен баста» арнайы жобасын іске қосқан болатын. Құжат тұтастай мемлекеттік қызметшілердің сана-сезімін жаңғыртуға бағытталған. «Өзгерістерді өзіңнен баста» деп аталатын бұл тармақ мемле-кеттік қызметшілердің жүріс-тұрысы мен санасын өзгертуді көздейді. Одан бөлек, мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіруге негізделген.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» деп аталатын бесінші кіші тармағына тек мемлекеттік қызмет агентігі ғана емес барлық мемлекеттік қызметкерлер де жауапты болып табыламыз. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болуы керек, сонда ғана біздің еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.
Ержанбек Ахметов,
Ақтоған ауылдық округі әкімі
Ақтоған ауылдық округі әкімі