Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық сана сілкінісі

Ұлттық сана сілкінісі

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарас­тыра алатын құдіретімен маңызды» – деп тоқталды. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жас­тарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп сая­­ды.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендіктің белгісі деуге болады. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. «Ең бірінші экономика, содан кейін саясат» деген басқару жүйесін Елбасы тегін айтқан жоқ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идея­лар.Елбасы алғашқы сәт-сағаттардан бастап-ақ, жаңа даму жолына түскен елдің көшін алыс-жақын елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға және бейбіт өмір сүруге бағыттады. Төрт тараппен еркін байланыс жасап, жайын ауыздай жаланған жаһандану дәуірімен бірге келген сан түрлі құбылыстардан бас тарта алмайсың. Сондай кездері, рас, түрлі діни ағымдар мен ұлттық жадымызға, жан дүниемізге қайшы келетін келеңсіздіктер дендеп еніп кетті. Мұндай жағдайларға табандап қарсы тұратын Президент айтқан – ұлттың рухани коды. Ұлттың рухани коды дегеніміз не? Ол – сан ғасырлық тарихи тамырымыз, мирас болып келе жатқан атамұра өнеріміз, өзге елден ерекшелеп тұратын дәстүр-салтымыз, әдет-ғұрпымыз, тілдік ерекшелігіміз, діни ұстанымымыз, білім-ғылымымыз, қоршаған ортамыз, қыл аяғы ошағымыз, отымыздың басы.
Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны! «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі десек жаңылыспаймыз.
Реформалардың табыс­ты болуы­ның маңызды факторы барлық қазақстандықтардың «Рухани жаңғы­рудың» мақсаттары мен міндеттерін түсініп, қабылдауы болуы тиіс. Институтымыздың әлеуметтік зерттеуі бойынша, бүгінде ел халқының 82% өзгерістердің қажеттігін қолдайды. Алайда, қазір өзгерістерді тек қолдау ғана емес, іс жүзінде қолға алу да маңызды, ол әрбір қазақстандықтың өмірінде басталуы тиіс.
С.Шарипова,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.
12 маусым 2018 ж. 3 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930