Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
Мемлекет басшысымен 12.10.21ж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылып, 13.10.21 ж. баспасөз беттерінде ресми түрде жарияланып, 24.10.2021 ж. заңды күшіне енді.
Аталған Заңмен қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 05.04.1999 жылғы ҚР Заңына бірінші топтағы мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын адамдарға олардың мүгедектігінің себебіне қарамастан, 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде(2021 жылғаеңтөменкүнкөрісдеңгейі (бұданәрі – ЕТКД) – 34302 теңге).
Яғни, 48023 теңге көлемінде жаңадан мемлекеттік жәрдемақы енгізілетіндігі туралы толықтыру енгізілді.
Бұған дейін аталған жәрдемақы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 28.06.2005 ж. ҚР Заңына сәйкес, 18 жасқа дейін мүгедек балаларды тәрбиелегені үшін ата-анасына, қамқоршысына және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейінде мөлшерінде тағайындалып, төленіп келген болатын.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 21.06.2013 ж. ҚР Заңына сәйкесбұрын зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілдеріне мүмкіндігі шектеулі балаларды күтім жасау кезеңдері 16 жасқа дейін алынатын еді.
Енді мүгедек балаға күтім жасау кезеңі 18 жасқа дейін ұзартылды.
Яғни, мүгедек баланы күтім жасаған жылдар еңбек өтілдеріне есепке алынып,зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.
Мүгедек баланы 18 жасқа дейінгі бағып-күтуді жүзеге асыру фактісімен және кезеңін анықтау сотпен заңдық маңызы бар фактіні тану жолымен қаралып, шешілуге жатады.
Ал, егер мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға(қамқоршыға), бала кезінен I топтағы мүгедекк екүтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалып, төленген ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталған жағдайда, сот шешімі талап етілмейді.
2022 ж. бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай құрайды. 1962 жылдың 1-ші жартыжылдығында туылған әйелдер 2022 ж. 2-ші жарты жылдығынан бастап зейнетке шығуға құқылы.
Сонымен қатар, бұған дейін Қазақстанда мүгедек балалар 16 жастан бастап 18 жасқа дейін ғана топтарға бөлінетін болса,енді7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды сырқатының ауырлық дәрежесіне қарай топқа бөлінетін болды.
Сәйкесінше мүгедектік тобына қарай төленетін жәрдемақының мөлшері 16,7%-дан 37 %-ға дейін ұлғайтылды. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 16.06.1997 ж. ҚР Заңына өзгерістер енгізіліп, жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына қарай көбейеді.
Мүгедектігі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:
• жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 48023 т (1,40 ЕТКД );
• бірінші топтағы жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 65860 т (1,92 ЕТКД);
• екінші топтағы жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға
– 54541 т (1,59 ЕТКД);
• үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 48023 т (1,40 ЕТКД);
• бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 65860 т (1,92 ЕТКД);
• бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 54541 т (1,59 ЕТКД);
• бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 41163 т (1,20 ЕТКД);
• бірінші топтағы мүгедектерге – 65860 т (1,92 ЕТКД);
• екінші топтағы мүгедектерге – 52483 т (1,53 ЕТКД);
• үшінші топтағы мүгедектер – 35675т (1,04 ЕТКД).
Нәтижесінде I топтағы мүгедек баланың жәрдемақысының мөлшері 48023 теңгеден 65860 теңгеге дейін (17837 т. көбейеді), II топтағы 48023 теңгеден 54541 теңгеге дейін (6518 т.) көбейетін болады. Ал, III топтың жәрдемақы мөлшері өзгеріссіз 48023 теңге мөлшерінде қалады.
Бұдан басқа, мүгедек балаларды топқа бөлуге байланысты Байқоңыр қаласындағы мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы(бұдан әрі-АМЖ)төлемі мөлшері көбейетін болды.
I-II топтардың АМЖ мөлшері 4346 теңге (2479 т көбейеді ), III топтағы мүгедек балалардың АМЖ мөлшері «0,64»-тен «0,96» АЕК-ке артады (1867 т -2801 т).
Сонымен қатар, Заңда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және мүгедек балаларға және бала кезінен мүгедек адамдарға, ата-анасының (асыраушысының) біреуі қайтыс болған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығы көзделген.
Бұған дейін, олар таңдауы бойынша бір түрін ғана алып келген еді.
Бұл өзгерістер асыраушысынан айырылған және отбасы құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақының мөлшері 1 балаға 29500 т. құрайды, жәрдемақы мөлшері бала санына қарай өзгереді.
Мүгедек балаларға және бала кезінен мүгедек адамдарға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға өтініш барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғылықты жеріндегі Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО-ға берілуі тиіс және тағайындау күні Заң нормасы күшіне енген күннен басталады.
Егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, Қағидадағы 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасын (жылсайын) ұсынуы қажет.
Еңбек, әлеуметтік қорғау
және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша
Департаменті
және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша
Департаменті