Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер


Қазақстан Республикасында 2005 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап әлеумет­тік тәуекелдердің туындауы­на байланысты жоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеумет­тік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №122-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405 (әрі қарай – Заң) Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 пайызы аударылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Респуб­лика­сының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 пайызын құрайды.
Осыған сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударым­дар­дың ең төменгі мөлшері 990 тг. (ЕТЖ * 3,5% = 28 284 теңге * 3,5% = 989,94 = 990 теңге) және ең жоғарғы мөлшері 9900тг. (10 ЕТЖ * 3,5% = 282 840 * 3,5% = 9 899,4 = 9 900 теңге) құрады (ЕТЖ –тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшері).
Әлеуметтiк аударымдардың уақтылы аударылмаған сомаларын төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиiс.
Заңның 8-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасында зейнетақы­мен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Бұл ретте, жұмыс істейтін зейнет жасына жеткен, ер кісілер – 63 жас және әйел кісілер – 58 жыл 6 ай жасындағыларға әлеуметтік аударымдар аудару тоқтатылады. Әр азамат өзі үшін ақпаратты мемле­кеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы тегін түрде алуына болады.Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚ gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпаратты білуге болады.
Гүлсім Денеева,
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры.
20 ақпан 2018 ж. 2 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031