Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 772 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛДЫ

772 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛДЫ


2017 жылы 772 мыңнан астам қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алған. Орталық коммуникациялар қызметінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің елімізде қызмет атқаруының өзекті аспектілеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның президенті Сәуле Дүйсенова және басқарушы директоры Нұрсұлу Кемел қатысты.
«2017 жылы 772 мыңнан астам қазақстандықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 156,5 млрд теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер алды. – Міндетті әлеуметтік сақтандыру – бұл еңбек ету қабілетінен, отбасы асыраушысынан, жұмысынан айырылғанда, жүктілігіне және босануына байланысты немесе жаңа туған баланы асырап алғанда, сонымен қатар бала 1 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай туындағанда, жұмыс істейтін халықты қолдау үшін қосымша қорғау деңгейі. Осы аталған жағдайларда жүйеге қатысушы (демек, ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізген жағдайда) немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша МӘСҚ әлеуметтік төлемдер алад», – деп атап өтті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның президенті Сәуле Дүйсенова.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген сәттен бастап 4 миллионға жуық адам МӘСҚ-нан жалпы сомасы 905 млрд теңгеден астам әлеуметтік төлемдер алған.
Еркін ҚАЛДАН
08 ақпан 2018 ж. 1 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031