
«Поп-Ит», «симпл-димплмен» бүлдіршінді бүлдіріп алмаймыз ба?
Үйдегі балаларға сыйлық жасамақ болып, дүкен аралап, тәуір ойыншық іздедім. Бір қарағанда көздің жауын алатын ойыншықтың сапасына үңілгенде кежегең кері тартып, көңілің толмай қалады. Мысалы, ойыншық дүкенін аралап жүрсең, әртүрлі құбыжық бейнедегі ойыншық кейіпкерлерді көріп, бала түгілі, үлкендердің өзі...












