Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлі-зайыптылар татуласты

Ерлі-зайыптылар татуласты



Шиелі аудандық сотында ерлі-зайыптылардың неке бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен аяқталды.
Аудандық сотпен қаралған азаматтық іс бойынша талап қоюшы талабында, жауапкер «С»-мен 2017 жылдан бастап заңды некеде тұрып, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап ажырап, бөлек тұратынын, ортақ некеден 1қызының бар екенін көрсетіп, бүгінде бір-бірінің мінездері жараспай, дау жанжал көбейіп, отбасылық жағдай күрделеніп кеткендігін көрсете отырып, араларындағы некені бұзуды сұраған.
Істі сот талқылауында қарау барысында, судья А.К.Жолдыбаевпен дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы жайлы түсіндіріліп, тараптар дауды медиация арқылы шешуге ыңғай танытып, отбасылық қарым-қатынасты сақтап қалу жөнінде билер кеңесіне жүгіну арқылы медиативтік келісім жасасқан.
Осыған сәйкес, сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
Мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.
03 желтоқсан 2021 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930