Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ НЕКЕНІ БҰЗУ ТУРАЛЫ 2 АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН АЯҚТАЛДЫ

ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ НЕКЕНІ БҰЗУ ТУРАЛЫ 2 АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН АЯҚТАЛДЫ

Аудандық сотпен қаралған 1-ші азаматтық іс бойынша талап қоюшы «А» талабында, жауапкер «Н»-мен 2011 жылдан бастап заңды некеде тұратынын, ортақ некеден 4 ұл-қыздарының бар екенін көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұраған.
2-ші азаматтық іс бойынша талап қоюшы талабында, жауапкер «Ж»-мен 2017 жылдан бастап заңды некеде тұратынын, ортақ некеден 2 ұлы бар екенін көрсетіп, бүгінде бір-бірінің мінездері жараспай, дау жанжал көбейіп, отбасылық жағдай күрделеніп кеткендігін көрсете отырып, араларындағы некені бұзуды сұраған.
Істі сот талқылауында қарау барысында, судья А.К.Жолдыбаевпен дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы жайлы түсіндіріліп, тараптар дауды медиация арқылы шешуге ыңғай танытып, отбасылық қарым-қатынасты сақтап қалу жөнінде билер кеңесіне жүгіну арқылы медиативтік келісім жасасқан.
Осыған сәйкес, сот ұйғарымымен келісімдер бекітіліп, азаматтық істер өндірістен тоқтатылды.
Мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылды.

Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.
30 қараша 2021 ж. 539 0