Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 2 016 тұрғын Pfizer вакцинасын салдырды

Қызылорда облысында 2 016 тұрғын Pfizer вакцинасын салдырды

Қызылорда облысында Pfizer вакцинасын 2 016 тұрғын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірге 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, бала емізетін және аяғы ауыр әйелдерді коронавирусқа қарсы вакциналау үшін Pfizer препаратының 23 400 дозасы жеткізілді. «15 қарашадан қазірге дейін аталған вакцинаны 2 016 тұрғын салдырды. Оның ішінде жүкті әйелдер саны - 366, лактация кезеңіндегі әйелдер саны - 226, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны - 1424 адамды құрайды», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. Ведомство мәліметінще, қазір облыста коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша барлығы 19 251 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 5 дерек анықталды. Олардың 4-і вакцина алмаған адамдар. 23 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялаудың бірінші дозасын 397 756 адам алды. Бұл - тиісті контингенттің 87,9 пайызы. Ал екінші дозасы бойынша 336 838 адам екпе қабылдады. Еске салсақ, Қызылордада үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1150 азамат анықталды.

https://www.inform.kz​​​
03 желтоқсан 2021 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031