Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Pfizer» вакцинасын 2 016 тұрғын қабылдады

Қызылордада «Pfizer» вакцинасын 2 016 тұрғын қабылдады


Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 87,9 пайыз болса, екінші дозасын 74,4 пайыз тұрғын қабылдаған.
15 қарашадан басталған «Pfizer» вакцинасын облыстағы 2 016 тұрғын қабылдады. Атап айтқанда, жүкті әйелдер – 366, бала емізуші кезеңіндегі әйелдер – 226 және 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 1 424. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
«Облыстағы эпидемиологиялық ахуал жақсарды деп айтуымызға болады. Өңірімізге 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, бала емізетін және аяғы ауыр әйелдерді індетке қарсы вакцинациялау үшін «Pfizer» препаратының 23 400 дозасы жеткізілген болатын. Қазіргі таңда 12-18 жас аралығында вакцинацияны АҚШ, Канада, Израиль, Сингапур, Жапония, Қытай және Еуропа мемлекеттерінде сәтті жүргізілуде. Вакциналаудың тиімділігі, қауіпсіздігі мен сапасы бойынша тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Мәселен, қала және аудандардағы оқу орындарында ата-аналармен медицина саласының мамандары кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде», – деді Әлия Мүтәліпқызы.


24 қараша 2021 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930