Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын сақтау үшін тоңазытқыштар алынды
Қызылорда облысына «Pfizer» вакцинасы жылдың төртінші тоқсанында жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Вакцинация жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинаның бірінші компонентін 326 798 адам алса, екінші компонентімен 269 949 адам қамтылды. «Pfizer» вакцинасы вакцинасы алдағы айларда келеді деп жоспарланып отыр. Өзіндік сақтау ережелері бар. Бүгінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоңазытқыш алып береді. Бұл екпе 12 жастан жоғары балаларға және жүкті әйелдерге арналған. Қазіргі таңда белсенді түрде ақпараттық-насихат жұмыстары жүруде», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап өңірде коронавирусқа қарсы иммундау науқаны жүргізілуде. Бұл мақсатта аймақта – 106, оның ішінде аудандарда 91 екпе кабинеті халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мұндай орындар аудандарда, ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде (ірі сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары) ашылған. Вакцинация жұмысын арнайы оқытылған медициналық персонал жүргізеді. Бұл орындар арнайы тоңазытқыш жабдығымен қамтылған. Еске салсақ, Қызылордада екпе салуға жататын азаматтардың 72 пайызы вакцинациядан өтті.
https://www.inform.kz
https://www.inform.kz