Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны қандай

Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны қандай

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 233 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды. Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар 233 мыңнан асса, екінші компонентін 174 мыңнан астам адам салдырды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар қатарында педагогтер, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым. Елімізде қатерлі індетке қарсы екпе алудан Қызылорда облысы алдыңғы қатарда келеді. Осы уақытқа дейін вакциналанғандар арасында 130 адам короновируспен ауырған. Толық 2 компонентті алғандардың ішінде 22 жағдай тіркелді. «Өңірде егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдауда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан. Айта кету керек, коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті мен 37 жылжымалы пунктің жұмысы ұйымдастырылған. Екпенің жеткілікті қоры барлық медицина ұйымдарында жасақталған. Еске салсақ, Қызылордада теміржол вокзалы қызметкерлерінің 83% коронавирус вакцинасын салдырды.​https://www.inform.kz/​​​
11 тамыз 2021 ж. 409 0