Қызылорда облысында 100 мыңыншы тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Қызылорда облысында 100 мыңыншы тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл оңды оқиға облыс орталығындағы №3 қалалық емханада тікелді. Қала тұрғыны Гүлнар Құлжанова облыс бойынша вакцина салдырған 100 мыңыншы адам ретінде есепке алынды. Емхана ұжымы осыған орай оған сый-құрмет көрсетті. Ол отандық «QazVac» вакцинасын салдыруға таңдау білдірді. «Мен бүгін коронавирусқа қарсы вакцина салдырдым. Денсаулығымда ешқандай қобалжу болған жоқ. Қатерлі індеттің тоқтатудың жалғыз амалы – вакцина салдыру. Сондықтан барша жерлестерімді екпе егуде белсенділік танытуға шақырамын», - деді Гүлнар Құлжанова. Өңірде бүгінде 800 мыңнан астам адам тұрады. Дәрігерлердің айтуынша, олардың 370 мыңнан астамы екпе қабылдауы тиіс. Ал №3 емханаға бүгінге дейін коронавирусқа қарсы 9649 доза вакцина келді. Оның 8583-і бірінші компонентте салынды. Ол 88,9 пайызын құрайды. Ал емханаға вакцинаның екінші компоненті бойынша 7945 доза әкелініп, 74,7 пайызы тұрғындарға салынды. Еске салсақ, Қызылордада коронавирус вакцинасын салдырғандар қатарында ауыл тұрғындары көп.
https://www.inform.kz
https://www.inform.kz