Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Алматыда бір тәулікте 2,3 мың адам вакцина алды

Коронавирус: Алматыда бір тәулікте 2,3 мың адам вакцина алды

Алматы қаласында бір тәулікте 2 358 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 27 мамыр күні 2 358 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 мамыр аралығында қалада барлығы 296 286 адамға екпе салынды. Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. «Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Бүгінгі күні қалада вакцинаның бірінші компонентінің 30 699 дозасы және екінші компоненттің 53 279 дозасы бар.

https://www.inform.kz
28 мамыр 2021 ж. 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930