Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Қалада Hayat-Vax вакцинасын салдыру басталды. Енді тұрғындар КВИ-ға қарсы үш вакцинаның бірін таңдау мүмкіндігі бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, өткен тәулікте қала бойынша 6 037 адам вакцина салдырған. Ал ақпанның 1-нен бері жалпы вакцина алғандар саны 232 295 адамды құрайды. 25 сәуірден бастап бүгінге дейін 2 723 адам QazVac вакцинасын алды. «Спутник V» вакцинасын 2 компонентін 87 214 алматылық салдырған. Оған қоса қалада Hayat-Vax вакцинациясын салдыру басталды. Енді тұрғындар КВИ-ға қарсы үш вакцинаның бірін таңдау мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.4 мамыр күні Алматыда коронавирус инфекциясынының 645 жаңа жағдайы тіркелді, оның 553-де симптомдық белгілері бар және 92-і симптомсыз. Қаланың барлық инфекциялық стационарында 3 475 науқас бар, оның 95-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 236 науқас бар. 4 830 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 240 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 590 симптомсыз, - делінген хабарламада.Бүгінгі таңда 211 вакцинация пункті жұмыс істейді, 402 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкері жұмылдырылды, 40 көшпелі мобильді бригада іске қосылған.

https://baq.kz
05 мамыр 2021 ж. 443 0

Қоғам

БАҒДӘУЛЕТТІҢ БӘСІ БИІК

08 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930