Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеше Алматыда 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Кеше Алматыда 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Сәуірдің 1-12 аралығында қала бойынша барлығы 86 790 адам вакцина салдырған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 11 130 адам вакцина салдырған. Ал, сәуірдің 1-12 аралығында барлығы 86 790 вакцина салынған.
Алматы қаласының аудандары бойынша вакцинация алған тұрғындар туралы ақпарат:
Алатау ауданы – 6 390 адам
Алматы ауданы – 19 085 адам
Әуезов ауданы – 13 240 адам
Бостандық ауданы – 17 600 адам
Жетісу ауданы – 3 205 адам
Медеу ауданы – 12 110 адам
Наурызбай ауданы – 4 785 адам
Түрксіб ауданы – 10 375 адам.
Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында КВИ-ге қарсы иммундау 100 000-нан астам адамға жоспарланған,-делінген хабарламада.2021 жылдың 12 сәуір күні Алматыда коронавирустық инфекцияның 598 жаңа жағдайы тіркелді, оның 507 симптомдық белгілері бар және 91 симптомсыз. Бір тәулік ішінде – 337 науқас қабылданды, барлық стационардан 528 науқас шығарылды. Барлық инфекциялық стационарларда (6 100 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 665 адам (98 бала – жеңіл және орта дәрежеде) ем алуда, оның ішінде ересектер ауыр түрде – 751, ауырлықтың орташа дәрежеде – 3 004. Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде – 229.

13 сәуір 2021 ж. 386 0