Түркістан облысында 13 мыңға тарта адамға коронавирус вакцинасы салынды

Оның ішінде 10 674 медицина қызметкері мен 1276 педагог бар. Ал, 444 - полиция қызметкері мен 75 - басқа да санаттағы азаматтар. Қазір екінші компонентпен 3264 адам вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинация 20 емдеу мекемесінде жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 10 адамда COVID-19 індеті расталған. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 574 400 ПТР сынама алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 2758 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, оның 478-і - бос. Аймақта бүгінде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5 мыңнан астамы - дәрігерлер, қалғаны - орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4292 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 4445 жағдай тіркелді. Оның 2849-да ауру симптомсыз өткен болатын. Облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы, 800-дей дәріхана жұмыс істейді.
inform.kz