Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 857 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 216 467-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27, Ақмола облысы - 57, Ақтөбе облысы - 28, Алматы облысы - 47, Атырау облысы - 40, Шығыс Қазақстан облысы - 39, Жамбыл облысы - 17, Батыс Қазақстан облысы - 72, Қарағанды облысы - 61, Қостанай облысы - 59, Қызылорда облысы - 13, Маңғыстау облысы - 11, Павлодар облысы - 78, Солтүстік Қазақстан облысы - 37, Түркістан облысы - 5. Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталды. Көктемнің алғашқы айында мектеп мұғалімдеріне, ЖОО педагогтарына, сондай-ақ ведомстволық медицина қызметінің қызметкерлеріне, жалпы алғанда 150 мыңдай адамға екпе салу жоспарлануда. Мәселен Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ол үшін 36 емхана мен ведомстволық медициналық ұйымдарда екпе егу пункттері ұйымдастырылған.
nur.kz