Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19-ға қарсы вакцинация: "Спутник V" Қазақстанға жеткізілді

COVID-19-ға қарсы вакцинация: "Спутник V" Қазақстанға жеткізілді

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салу басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда "Спутник V" ерікті вакцинациялау науқаны басталады.
Бұрын қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.
Жалпы, ақпанда Қарағанды фармацевтикалық кешені 112 мың доза, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың доза вакцина жеткізеді.

Сондай-ақ, сәуірден бастап отандық QazCovid-in вакцинасын салдыруды бастау жоспарланып отыр, басында 75 мың доза мөлшерінде болатын ол ай сайын өсіп отырады.

Ең алдымен, халықтың белгілі бір тобына вакцина салынады - медициналық қызметкерлер, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер және басқалар.
Профилактикалық екпеге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға вакцинациялауға рұқсат етіледі. Вакцина салдырмас бұрын міндетті медициналық тексеруден өту қажет.


https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/covid-19-ga-karsyi-vaktsinatsiya-sputnik-v-kazakstanga-318363/
31 қаңтар 2021 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031