Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Қызылордаға коронавирусқа қарсы 80 мың доза вакцина әкелінеді

Қызылордаға коронавирусқа қарсы 80 мың доза вакцина әкелінеді

2021 жылдың наурыз айынан бастап Қызылордаға коронавирусқа қарсы 80 мың доза вакцина кезең-кезеңімен әкелініп, егу жұмыстары басталады.
Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, вакцинаны сақтайтын арнайы контейнерлердің саны нақтылануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.
– Вакцинаны қалай енгізілетіні туралы қосымша жұмыстар жүргізілетін болады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады. 65-ке дейінгі адамдарға салынады. Өйткені, вакцина сол жас аралықтағы адамдарға ғана әсер етеді. Айта кетейін, адамдармен жиі байланыста болғаннан кейін вакцинаны бірінші кезекте өзімде салдырамын, – деді ол.
Сонымен қатар, 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды. Бұған қоса, облыста 9 ПТР аппараты жұмыс жасап, тәулігіне 1200-1300-ден астам сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге болады.
---
23 желтоқсан 2020 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930