Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты

Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бәріне бірдей тегін болмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, ең бірінші кезекте қауіпті аймақта жүрген мамандар, атап айтсақ, дәрігерлер, ұстаздар мен ішкі істер қызметкерлері тегін вакцинамен қамтамасыз етілмек.

"Алдын ала болжам бойынша вакцинаның құны екі доза үшін 20 долларды құрамақ. Бұл екпенің нақты бағасы емес, өндіріс барысында анықталады. Біз басқа да шетелдік серіктестерімізбен келіссөздер жүргізудеміз. Мүмкін, нарықта коронавирусқа қарсы бірнеше вакцина пайда болатын шығар. Ал кімдердің вакцинаны тегін немесе ақылы өтуі кейіннен анықталады", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасының реттеуші органдары қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спутник V» вакцинасының кемінде 2 млн дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді.
05 желтоқсан 2020 ж. 91 0

Соңғы жаңалықтар

Елді қорғайтын ер

Елді қорғайтын ер

18 маусым 2021 ж.

Қоғам

Қысқа дайындық қарқынды
18 маусым 2021 ж. 23

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (8902)

18 маусым 2021 ж.

№47 (8901)

15 маусым 2021 ж.

№46 (8900)

12 маусым 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам