Алматыда коронавирус жұқтырған 125 бала ауруханада жатыр

28 сәуір күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 698 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 619, симптомсыз – 79 науқас тіркелді. «Инфекциялық стационарларда 3734 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 125 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 246 адам жатыр. Ал 38 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 85 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5502 пациент бар. Оның ішінде 4852 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 640 адамда коронавирус белгілері жоқ.
https://www.inform.kz