Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 20,6 мың адам коронавирус вакцинасын салдырды

Қызылордада 20,6 мың адам коронавирус вакцинасын салдырды

ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 19 сәуірге дейін 20 646 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау ақпан айының алғашқы күнінен басталды. Облыста барлығы 19 екпе кабинеті іске қосылған. Оның 8-і қалада, 11-і аудандарда қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, 4 көшпелі егу бригадасы жұмыс жасайды. Иммундау шаралары жүргізіліп жатқан екпе кабинеттері тиісті температуралық режимі бар қажетті тоңазытқыш жабдығымен, термоконтейнермен толық қамтамасыз етілген. «Нәтижесінде бүгінге дейін облыста 20 646 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ал өткен тәулікте аталған тізімге 915 адам енгізілді. Барлығы авторизациялаудың бірыңғай тетігі арқылы «Денсаулық сақтаудың біріңғай ақпараттық жүйесіне» енгізілді. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулығына қатысты шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасынан.

https://www.inform.kz​​​
20 сәуір 2021 ж. 703 0

Қоғам

Форум – БАҚ назарында
08 шілде 2025 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031