Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 505 адам коронавируске қарсы екінші мәрте вакцина салдырды

Қызылордада 505 адам коронавируске қарсы екінші мәрте вакцина салдырды

ҚазАқпарат - Қызылордада 1 ақпанға дейін коронавирус инфекциясына қарсы 505 адам екінші мәрте вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ңірге 1 ақпаннан бастап Ресейде өндірілген «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Алғашқы кезеңде вакцина 939 медицина қызметкеріне, қалғаны жергілікті тұрғындарға егілді. Бұл кезең 1-17 ақпан аралығында жүргізілді. Ал келесі кезеңнің басталуы үшін науқас екпе алғаннан кейін арада 21 күн өтуі қажет. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 27 ақпанға дейін облыста 440 адам екінші мәрте екпе салдырса, 1 наурызда олардың қатарын тағы 65 адам толықтырды. Облыс орталығындағы №6 қалалық емхананың аумағында орналасқан қоймада коронавирусқа қарсы және өзге де вакциналар сақталады. Өңірге аталған қажеттілікті «СК-Фармация» мекемесі жүзеге асырады.




03 наурыз 2021 ж. 401 0